Pular para o conteúdo
Publicidade

Петірдің 2-хаты 3

3 Ең бастысы, мынаны біліп қойыңдар: осы соңғы заманда3:3 Немесе: соңғы күндері (яғни Мәсіхтің қайта оралуына дейінгі аралықта). арам құмарлықтарына салынып, сендерді келемеждейтін адамдар шығатын болады. 4 Мұндайлар: «Иелеріңнің қайтып келетіні жайлы берген уәдесі қайда, ә? Аталарымыз3:4 Яки: Қауымдардың алғашқы жетекшілері (Евр 13:7). қайтыс болғаннан кейін де барлық жайттар еш өзгеріссіз, жаратылыстың басталуынан бергі қалпында3:4 3:8-9; Евр 10:35-39; 12:25-29; Сал1 5:1-11; Мат 24:48-51; Лұқ 21:25-28,33-36. қалып келеді ғой», — дейді. 5 Солай ойлағанда олар мыналарды әдейі ескермейді: Құдайдың бұйрығымен3:5 Яки: Құдайдың сөзімен (Жар 1:1-2; 6-10). көк баяғыдан бері бар болған, ал жер судан шығып, сумен қалыпқа келтірілді. 6 Тәңір Иенің бұйрығына сай топан су кенеттен көне заманғы дүниені басып, адамзатты жойып жіберді. 7 Сол сияқты, Құдай Өзінің әмірімен осы қазіргі аспан мен жерді де әділетсіздердің сотталып, тозаққа түсетін күні отпен қиратуға қалдырып отыр.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

2 Pedro
Ver todos os capítulos de 2 Pedro