8 Сүйікті бауырластар, Жаратқан Иенің алдында бір күн мың жылдай, ал мың жыл бір күндей екенін жақсылап ұғып алыңдар.3:8 (Жыр 89:5) Яғни Құдай Өзі жаратқан уақытқа тәуелді емес. Ол жоспарларын Өзі белгілеген кезде орындайды (Абқ 2:3; Мар 1:15; Рим 5:6; Ғал 4:4).9 Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!
10 Ұрының табан астынан түсетіні сияқты, Иеміздің қайта оралатын күні де білдіртпей кенеттен келмек. Сол күні аспан қатты шумен3:10 Немесе: қатты гүрілмен (3:7,12). жоқ болып, дүниенің құрамдас бөліктері өртеніп құрып кетеді. Жердің өзі де, ондағы бүкіл жаратылыс пен адам қолымен істелгеннің бәрі де өртеніп жоқ болады.3:10 Немесе: бәрінің күнәкарлығы әшкереленіп, сотталатын болады (Мат 24:35; 25:32; Евр 12:26-29; Аян 21:1).