15 Таңертең Құдайдың адамының қызметшісі ерте тұрып, сыртқа шыққанда, атты әскері мен соғыс күймелері бар қалың қолдың қаланы айналдыра қоршап алғанын көрді. Қызметші:
— Ойбай, мырзам, енді не істейміз? — деп налыды. 16 Пайғамбар оған:
— Қорықпа, біздің жағымыздағылар оларға қарағанда әлдеқайда көп! — деп жауап берді. 17 Содан соң ол: «Уа, Жаратқан Ие, оның көзін аша гөр, көрсін!» — деп сиынды. Жаратқан Ие қызметшінің көзін ашқанда, ол қыраттың бойында Елішені айналдыра жиналып тұрған жалындаған отты аттар мен күймелерді6:17 2:11-12; 13:14. көрді.