Pular para o conteúdo
Publicidade

Патшалықтар 2-ж. 8

Дәуіт патшаның жеңістері

1 Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырды. Содан ол елдерінің басты қаласын8:1 Яғни Ғат қаласын (Шеж1 18:1). Түпнұсқада: Метег-Амма. філістірлердің қолынан тартып алды. 2 Дәуіт моабтықтарды да жеңді. Оларды жерге жатқызып, арқанмен өлшеді. Арқанның екі рет өлшеуімен алынғандар өлімге кесіліп,8:2 Моабтықтар Исраил халқын азғындыққа салынып, жалған тәңірлерге табынуға еліктірген еді (Рул 22:4-6; 25:1-4). толық бір рет өлшеумен алынғандар тірі қалды. Сонымен моабтықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды.

3 Бірде Дәуіт Евфрат өзенінің жағасындағы билігін қалпына келтіруге аттанып, Соба елінің патшасы Рехоб ұлы Ададәзерге8:3 Соба (яки: Цоба): бүгінгі Сирияның астанасы Дамаскіден солтүстікке қарай жүз шақырымдай жерде орналасқан ежелгі қала мен патшалық, Саул олардың патшаларын жеңіп шыққан еді (Пат1 14:47-48). Ададәзер есімінің Хададәзер мен Адраазар деген түрлері де бар. шабуыл жасап, оны жеңіп шықты. 4 Сонда Дәуіт оның бір мың жеті жүз аттылы және жиырма мың жаяу жасақшысын қолға түсірді. Дәуіт жаудың соғыс күймелеріне жегілетін барлық жылқылардың тілерсектерін қиып тастап, жүз соғыс күймесіне жетерлік аттарды ғана аман қалдырды.

5 Соба патшасы Ададәзерге дамаскілік сириялықтар8:5 Яки: сириялықтар (Жар 25:20). көмекке келген кезде Дәуіттің жасағы олардың жиырма екі мың жауынгерін қырып салды. 6 Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.

7 Дәуіт Ададәзердің нөкерлерінің алтын жалатқан қалқандарын жинап, Иерусалимге алып келді. 8 Ададәзердің қол астындағы Бета мен Беротай деген екі қаладан Дәуіт патша өте көп мөлшерде қола олжалап алды.

9 Хамат патшасы Тоу8:9 Имаф деп те аталатын Хамат қаласы Дамаскіден солтүстікке қарай екі жүз шақырымдай жерде орналасқан еді. Тоу: осы есім Той немесе Фой деп те дыбысталады. Дәуіттің Ададәзердің бүкіл әскерін жеңгенін естігенде, 10 өз ұлы Жорамды Дәуіт патшаға жіберіп, жеңісімен құттықтаған сәлемін жолдады. Себебі Ададәзер Тоу патшамен жауласып жүрген болатын. Жорам Дәуітке күміс, алтын, қоладан жасалған бұйымдарды ала келіп, сыйға тартты. 11 Дәуіт патша осы заттарды Жаратқан Иеге бағыштады. Ол бұрынырақ жеңген барлық елдерден: 12 Едом,8:12 Немесе: Арама; яки: Сирия. Моаб, аммондықтар, філістірлер және амалектіктер елдерінен алынған күміс пен алтынды, әрі Соба патшасы Рехоб ұлы Ададәзерден түскен олжаны да осылай Жаратқан Иеге арнаған болатын.

13 Осылай Дәуіттің атағы кеңінен жайылды. Сол жорықтан қайта оралған соң, ол Тұзды аңғарда он сегіз мың едомдықты8:13 Немесе: арамалықты; яки: сириялықты. жеңіп шықты. 14 Дәуіт Едом еліне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.

Патшаның уәзірлері, нөкерлері және патшазадалары

15 Дәуіт бүкіл Исраилге билік жүргізіп, күллі халықтың арасында заңдылық пен әділдікті жүзеге асырды. 16 Сарұяның ұлы Жоғаб — әскер қолбасшысы, Ахилуд ұлы Жосапат8:16 Оның есімі Еһошапат деп те жазылады. — уәзір әрі жылнамашы,8:16 (20:24; Пат1 4:3) Яки: шежіреші.17 Ахитұб ұлы Садық пен Абиятар ұлы Ахимәлік — діни қызметкерлер, Серая — хатшы, 18 әрі Еходай8:18 Еходай: осы есім Еһояда не Иодай деп те дыбысталатын. ұлы Бенаях — кереттік және пелеттік8:18 Крит аралы арқылы Таяу шығысқа көшіп келген пелеттіктер філістірлермен ұлттас, ал кереттіктер Крит аралының жергілікті халқынан шыққан болса керек. ұлан бөлімдерінің қолбасшысы болды. Дәуіттің ұлдары да патшаның қызметінде тұрды.8:18 Немесе: ұлдары діни қызметтерді атқарды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também