Қара ниеттілерден аулақ жүр!
1 Есіңде болсын, соңғы дәуірде3:1 Яки: осы заманның аяғында. қиын-қыстау күндер туады. 2 Адамдар өзімшіл, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, өсекшіл болып, ата-аналарына бағынбайды. Олар алғысты білмей, қасиеттіні танымай, ешкімді сүймей, 3 ымыраға келмейді. Адамдар, сондай-ақ, жалақор, ұстамсыз, қатыгез болып,3:3 Немесе: ұрысқақ. жақсылықты жек көреді. 4 Опасыз сатқын, ақылсыз қызба, кеуде көтерген олар Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көреді. 5 Олар сырт көзге Құдайға ұнайтындай болып көрінгенмен, Оның күшінен бас тартады.3:5 Яки: Оларда Құдайға ұнамды өмірдің сыртқы қалпы болғанмен, Оның күшін еш қабылдамағандары өмірлерінен көрініп тұр.
Мұндай адамдардан аулақ жүр!