21 Сондықтан Иеміз Исаның қайта тірілгеніне куә болып жүрген бізге тағы бір кісі қосылуға тиісті. Бұл — Иеміз бізбен бірге тұрған кезде әрдайым қасымызда жүрген, 22 атап айтқанда, Жақия пайғамбар адамдарды теріс жолдан қайтуға шақырып, шомылдыру рәсімінен өткізген кезден бастап, Иса бізден кетіп, Оны көкте Құдай қабылдап алған мезгілге1:22 1:9-11. дейін бізбен бірге болған азаматтардың біреуі болуы керек.
Publicidade