2 Олар Иемізге ғибадат етіп, ораза тұтып отырғанда Киелі Рух: «Мен арнайы шақырған іске Барнаба мен Саулды Өзіме бағыштап шығарып беріңдер!»13:2 (Рим 1:1) Яки: Өзіме бөлек шығарып беріңдер! — деді. 3 Сонда олар ораза тұтып мінажат етіп, екеуінің үстеріне қолдарын қойып баталарын берді де, жолға шығарып салды.
Елшілер Кипр аралында
4 Осылайша Киелі Рух жіберген екі елші Селеукия13:4 Жерорта теңізінің жағасында орналасқан кемежайы бар қала. қаласына барып, сол жерден кемеге отырып, Кипр аралына жүріп кетті.