10 Осы аяннан кейін, Құдай бізді соларға Ізгі хабарды уағыздауға шақырып жатыр деген қорытындыға келіп, Македонияға барудың жолын іздестірдік.16:10 Құдай бізді ... іздедік: Осы жерден бастап Пауылдың серіктеріне «Елшілердің істерін» жазған Лұқа қосылды. (Осы жазба туралы мәліметті қараңыз.)
Еуропадағы алғашқы мәсіхшілер: Філіпідегі саудагер әйел мен оның отбасы
11 Троададан кемемен шығып, тура Самотрак аралына, келесі күні (Македониядағы) Неаполь қаласына жеттік. 12 Содан Філіпіге тарттық, бұл — Македонияның осы өңіріндегі басты қаласы әрі римдіктердің елді қонысы. Бірнеше күн осында тұрдық. 13 Сенбі күні қала сыртындағы өзенге бардық; бұл жерде адамдар әдетте Құдайға сиынып мінажат ететін. Біз отыра қалып, жиналған әйелдермен сөйлесе бастадық. 14 Солардың арасында Лүдия есімді әйел болды, ол Тиятир16:14 Аян 1:11; 2:18,24. қаласынан келген, қызыл мата сатушы еді. Лүдия басқа ұлттық болса да, Құдайды қастерлейтін. Иеміз оның жүрегін жібітіп, Пауылдың айтқан сөзіне құлақ түргізіп, соны қабылдатты. 15 Лүдия үй ішімен бірге Мәсіхтің жолына түсіп, шомылдыру рәсімінен өтті. Мұнан кейін ол бізге: «Егер мені Иемізге сенуші деп мойындасаңыздар, үйіме келіп, қоныңыздар», — деп қоярда-қоймай өтініп, ақыры біз келістік.
Пауыл мен Сыйластың тұтқындалуы, түрме бастығының Иемізге бет бұруы
16 Бір жолы біз мінажат етуге бара жатқанда, сәуегейлік жасайтын жыны бар16:16 Алла Тағала сәуегейлікпен және сиқыршылықпен айналысуға қатаң тыйым салған (Леу 19:26; Заң 18:10-14). бір малай қыз бізге кез болды. Сол қыз өзінің арам көріпкелдігімен қожайындарына көп кіріс түсіреді екен. 17 Қыз Пауыл мен бізден қалмай: «Мына кісілер — Құдай Тағаланың16:17 7:48; Мар 5:7. құлдары, олар сендерге құтқарылу жолын уағыздайды!» — деп айқайлап жүрді.