Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 2

Мәсіхке сенушілердің қауымдық өмірі

42 Сенушілер елшілердің беріп жүрген тәлімін, өзара қарым-қатынастарын, нан үзу рәсімін2:42 Яғни Мәсіхтің өз жанын құрбан еткендігін еске алу рәсімін, Иеміздің асын (Лұқ 22:15-20; Қор1 10:21-26). және Құдайға сиынуды берік ұстанып, жалғастыра берді.

43 Елдің бәрін үрей биледі, себебі елшілер арқылы Құдайдың құдіретін көрсеткен көптеген керемет істер болып жатты. 44 Мәсіхке сенушілердің барлығы біртұтас қауым болып, заттарын ортақ ұстады; 45 иеліктеріндегі жер танаптары мен дүние-мүліктерін сатып, содан түскен қаржыдан әркімге керегінше беріп отырды. 46 Олар күн сайын ғибадатханада ниеттес көңілмен бірге болды; сонымен қатар өз үйлерінде де бас қосып, нан үзу рәсімін2:46 2:42. орындап, ақпейілмен қуана бірге тамақ ішіп отырды, 47 әрі Құдайды мадақтап дәріптеді. Бүкіл халық оларды ұнатты, ал Иеміз күн сайын тағы басқа адамдарды құтқарып, қауымына қосып отырды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também