Уақытында ізгі істер істеу жайлы
1 Су бетіне тұқымыңды себе бер,
Көп күннен кейін ол өзіңе қайтып келер.11:1 11:6; Заң 15:7-11; Нқл 11:18,24-25; 19:17; 22:9; Иш 32:20.
2 Жеті не сегіз бөлікке бөл өзіңде барды,
Білмейсің қандай пәлеге душар боларыңды.
3 Қою бұлттар қаптағанда жерге жаңбыр әкелер.
Не күнгей, не теріскейге құлаған ағаш сол күйінде жата берер.
4 Желді уайымдаған тұқымын сеуіп тастамас,
Бұлтты уайымдаған өнімін теріп жинамас.
5 Білмейсің не дауылдың қайдан соғарын,11:5 Жыр 134:5-7; Әйүп 28:25.
Не құрсақтағы баланың қалай қалыптасқанын,11:5 (Жыр 138:13-16) Немесе: Білмейсің рухтың (яки: жанның) құрсақта қалыптасып жатқан балаға қалай енгенін.
Сол сияқты ұқпайсың ғаламның барлығын
Жаратқан Құдайдың жасаған ғажаптарын.
6 Таңертең тұқымыңды сеп, кешке де қол қусырып отырма! Өйткені қайсысының өнімді боларын, анаусы ма, мынаусы ма, әлде екеуі де бітік шыға ма, соны білмейсің.
Жас кездегі көңіл көтеру және жауапкершілік
7 Жарық ұнамды, күн сәулесін көре алу көз үшін сондай ғанибет!
8 Адам көп жасаса, барлық күндеріне қуансын! Ал алдындағы түнекке толы күндерінің де көп болатынын есінен шығармасын. Келешектегінің бәрі де күңгірт.
9 Уа, жасөспірім, жас кезіңде көңіл көтер, сен нені қалап, өзіңе не ұнаса, соны істей бер. Әйтсе де бар істерің үшін Құдайға жауап беретініңді есіңнен шығарма!11:9 2:10; 3:17; 12:1,14; Жар 39:8-10; Жыр 118:9-11.10 Сондықтан жан дүниеңнен ашу-ызаны, өміріңнен зұлымдықты аластат! Себебі балалық пен жастық шағың тез ғайып болмақ.