Pular para o conteúdo
Publicidade

Уағыздаушы 10

1 «Өлген шыбындар бір құты иісмайды сасытар»,10:1 Яки: «Бір құмалақ бір қарын майды шірітер». сол сияқты аз-кем ақымақтығы адамның даналығы мен абыройына зардап жасар.

2 «Дананың жүрегі оң жолды, ақымақтың жүрегі теріс жолды таңдар».

3 «Қай жолмен жүрмесін ақымаққа ақыл жетпес, ол өз топастығын әркімге аян етер».

4 Бастығыңның ашуы өзіңе қарсы лап етсе, орныңнан кетіп қалма!

«Кішіпейілділік зор қателерді жауып қояр».10:4 8:3; Бил 8:3; Пат1 25:24-33; Нқл 25:15.

5 Мен осы өткінші дүниеде ақылға сыймайтын тағы бір жайтты байқадым, билік иелері кейде мынадай қате жібереді: 6 Олар ақымақтарды жоғары лауазымға көтереді, ал дәулеттілерді төменгі орындарға отырғызады. 7 Мен тіпті атқа мінген құлдарды, әрі құлдай жаяу жүрген билеушілерді көрдім.10:7 Пат1 12:13-14; Ест 3:1; 6:8-10; Нқл 19:10; 28:12,28.

8 Біреуге ор қазған қаскүнем соған өзі құлар,

Егістік дуалын қиратқанды жылан шағар.10:8 Ест 7:10; Жыр 7:15-17; 9:16-17; Нқл 26:27.

9 Адам тас қашап жатқанда, абайсызда жараланып қалар,

Не ағаш жарып жатқанда өзін зақымдап алар.

10 Өтпейтін балтаны қайрамаса, ағаш жаруға күш көп кетер,

Ал даналықтың пайдасы зор, ол түбінде табысқа жеткізер.10:10 9:15-17; 10:15.

11 Жылан арбалмас бұрын шағып алса,

Арбаушының қажеті не сонда?10:11 Ерм 8:17.

12 Дананың сөздері мейірім көрсетер,

Ал ақымақ өз сөзінен зиян шегер,

13 Оның айтқандарының басы топастық,

Әрі соңы болар жаман есуастық,10:13 1:17.

14 Әйтсе де ол айтар сөздерін көбейтер.

Ал болашақтағы жайттарды кім білер,

Кейін не боларын адамға кім айтып берер?

15 Ақылсыз жан жұмыс істесе, қажып қалар,

Ол жолын да таппас қалаға апарар.

16 Уа, ел, патшаң бозбаладай тәжірибесіз болып, әміршілерің таң сәріден той тойласа, қасіретке қаласың-ау! 17 Ал патшаң текті жерден шыққан, әміршілерің көңіл көтеру үшін емес, күш жинау үшін уақтылы тамақтанатын болса, уа, мұндай ел, бақыттысың!

18 Жалқаудың үйінің төбесі опырылар,

Еріншектің үйінен тамшы ағар.

19 Көңіл көтеруге қонақасы дайындар,

Шарап адамның өмірін масайратар,

Ақша осы екеуіне де жол ашар.10:19 2:1-3,8; 5:10; 7:11-12; 9:7.

20 Патшаны іштей болса да жамандама,

Байды төсекте жатып та балағаттама!10:20 Мыс 22:28.

«Ұшқан құс даусыңды іліп әкетер,

Айтқан сөзіңді қанатты жеткізер».10:20 (Пат2 15:35-36; Пат4 6:9-12) Яғни «үй артында кісі бар».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também