Екі елші Жоғарғы кеңестің алдында
1 Петір мен Жохан жиналған жұртқа әлі де сөйлеп тұрған кезде оларға діни қызметкерлер, ғибадатхана сақшыларының басшысы және өзге саддукейлер4:1 Яки: садықшылдар (5:17; Түсіндірмені де қараңыз). де келді. 2 Олар екеуінің халыққа тәлім беріп, «Иса өлімнен қайта тірілді»4:2 Демек, өлгендердің бәрі қиямет күні қайта тіріледі (23:6-8). деп жариялап жүргендеріне наразы болды. 3 Содан олар Петір мен Жоханды тұтқындап, келесі күнгі таңертеңге дейін түрмеде ұстады. Себебі мезгіл кеш болып қалған еді.