44 Айдалада жүрген кезінде ата-бабаларымызда Құдай олармен жасаған Келісімнің куәліктері сақталған шатыр бар болатын. Сол киелі шатыр Құдайдың берген әмірімен тура Мұса көрген үлгіге сай жасалған еді. 45 Кейін Құдай Қанахандағы халықтарды қуып жіберді. Ата-бабаларымыз Ешуаның жетекшілігімен солардың жерін иемденіп алған кезде киелі шатырды осы елге әкелді. Шатыр Дәуіт пайғамбардың заманына дейін сонда тұрды.7:45 Еш 3:1,14-17; 18:1; 23:9-10.46 Дәуіт Құдайдың ризашылығына ие болды. Ол Жақыптың сиынған Құдайының жер бетінде мекендейтін киелі үйін салмақшы еді. Сол үшін Құдайдан рұқсат сұрады.7:46 Пат2 7:1-13.47 Бірақ киелі үйді салған Дәуіт емес, оның ұлы Сүлеймен7:47 Сүлеймен: б.з. 1000 жыл бұрын өмір сүрген Исраилдің танымал патшасы (Пат2 7:2-16; Пат3 6:1-38). болды.
48 Алайда Құдай Тағала адам салған үйлерде тұрмайды. Ишая пайғамбар Оның былай деп айтқанын жазып қалдырды: 49 «Көк — Менің «тағым», ал жер — «табан тіренішім» секілді. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?! 50 Осы әлем түгел Менің қолымнан шықты емес пе?»7:50 Иш 66:1-2; Шеж2 6:18.