Pular para o conteúdo
Publicidade

Қолостықт. хат 1

12 Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады.

Мәсіхтің теңдесі жоқ ұлылығы

13 Құдай бізді қара түнектің1:13 Қара түнек: шайтан мен жындар (Еф 6:12). билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді. 14 Оның құрбандық өлімі арқылы күнәларымыздың құны өтеліп, кешірімге ие болдық.

15 Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді. Ол — жаратылыс атаулының бәрінен жоғары.1:15 Яки: Ол — көзге көрінбейтін Құдайдың кейпі, жаратылыс атаулыдан бұрын Ол бар болатын.16 Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер1:16 Яғни табиғаттан тыс қуатты күштер (періштелер немесе жындар). бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған. 17 Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

Colossenses
Ver todos os capítulos de Colossenses