Pular para o conteúdo
Publicidade

Қолостықт. хат 3

14 Барлық қасиеттердің бастысы ретінде сүйіспеншілікке бөленіңдер, ол бәріңді толықтай біріктіреді.3:14 Немесе: ол бәрін мүлтіксіз біріктіреді.

15 Иеміз Мәсіх сыйлаған тыныштық сендерге билігін жүргізсін! Ол сендерді біртұтас рухани дененің құрамдас мүшелері ретінде татулықта тұруға шақырды. Сонымен қатар ризашылықтарыңды білдіріңдер! 16 Мәсіх туралы Ізгі хабарға3:16 Яки: Мәсіхтің сөздеріне. көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер3:16 Немесе: рухани әндер. арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!

17 Не айтып, не істесеңдер де, бәрін Иеміз Исаның атымен жасап,3:17 Яғни Иеміз Исаның еркіне мойынсұна жасап (3:15; Еф 5:20; Қор1 10:31). Иеміз арқылы Құдай Әкемізге шүкірлік етіңдер!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

Colossenses
Ver todos os capítulos de Colossenses