Pular para o conteúdo
Publicidade

Қолостықт. хат 3

Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүру жөніндегі нұсқаулар

1 Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көкке3:1 Яки: көзге көрінбейтін дүниеге. (Құдайдың мекеніне: 3:2; Жыр 72:25-26; Мат 6:33; Қор2 4:18.) лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр. 2 Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар! 3 Себебі сендер рухани өлдіңдер,3:3 Немесе: Себебі бұрынғы күнәкар болмыстарың өлді (Рим 6:2; Қор2 5:14; Ғал 2:20). енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында. 4 Өмірлеріңнің бірден-бір бастауы мен мақсаты — Мәсіх.3:4 Яки: Мәсіх — сендердің өмірлерің. Ол жер бетінде қайтадан көрінген кезде сендер де Онымен бірге салтанатты ұлылықпен көрінесіңдер.

5 Ал енді, күнәкар дүниеге жататын қылықтарыңды біржола тоқтатыңдар:3:5 Немесе: қылықтарыңды өлтіріңдер (яки: оларға жоқ болыңдар) (Еф 4:22; Рим 6:2-7). неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық, нәпсіқұмарлық және арам пиғылдан аулақ жүріңдер; ашкөздікке де салынбаңдар, ол жалған тәңірлерге табынумен бірдей! 6 Құдайға мойынсұнбайтындарға осындай күнәлары үшін Оның қаһарлы соты төніп тұр. 7 Бір кезде сендер де оларды жасайтындармен бірге дәл солай әрекет етіп жүрдіңдер. 8 Ал мына қылықтарды енді тастаңдар: ашу-ыза, кек сақтау, қаралау, бейпіл ауыздық; 9 бір-біріңе өтірік те айтпаңдар! Себебі сендер ескі күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетін тастап, 10 жаңа ізгі болмысқа ие болдыңдар.3:10 Яки: ескі күнәкар болмыстарыңды іс-әрекетімен бірге «шешіп тастап», жаңа (ізгі де таза) болмыстарыңды «киіп алдыңдар». Оны жаратып берген Иеміз Өзін жақынырақ тануларың үшін сендердің рухани жағынан Өзіне ұқсас болуларыңды көздеп соған ұмтылуда. 11 Бұл жерде яһуди не басқа ұлттық, сүндеттелген не сүндеттелмеген, шетелдік не көшпенді скиф,3:11 Ежелгі скиф тайпалары қазақ халқының түп аталарының бір бөлігі болып саналады. құл не ерікті жоқ, қайта, Мәсіх барлық сенушілердің өмірлерінде басты орында.3:11 Яки: Мәсіх — барлығы әрі бәрінде.

12 Ал енді, Құдай сендерді сүйіп, өз халқым деп таңдап алғандықтан, ұдайы жанашыр, мейірімді, кішіпейіл, ілтипатты, сабырлы болып, осы қасиеттерге бөленіңдер! 13 Өзара төзімді болыңдар. Егер біреуге реніш сақтап, тағатын кінәларың болса, кешірімді болыңдар: сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер! 14 Барлық қасиеттердің бастысы ретінде сүйіспеншілікке бөленіңдер, ол бәріңді толықтай біріктіреді.3:14 Немесе: ол бәрін мүлтіксіз біріктіреді.

15 Иеміз Мәсіх сыйлаған тыныштық сендерге билігін жүргізсін! Ол сендерді біртұтас рухани дененің құрамдас мүшелері ретінде татулықта тұруға шақырды. Сонымен қатар ризашылықтарыңды білдіріңдер! 16 Мәсіх туралы Ізгі хабарға3:16 Яки: Мәсіхтің сөздеріне. көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер3:16 Немесе: рухани әндер. арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!

17 Не айтып, не істесеңдер де, бәрін Иеміз Исаның атымен жасап,3:17 Яғни Иеміз Исаның еркіне мойынсұна жасап (3:15; Еф 5:20; Қор1 10:31). Иеміз арқылы Құдай Әкемізге шүкірлік етіңдер!

Сенушілердің отбасындағы өмірі

18 Әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар!3:18 Яки: күйеулеріңнің жетекшілігін мойындаңдар! Иемізбен байланыстағы сендердің осылай істегендерің жөн.

19 Күйеулер, әйелдеріңді сүйіп, оларға қатаң болмаңдар!

20 Балалар, барлық жағдайда да ата-аналарыңның тілін алыңдар, өйткені Иемізге осы ұнайды!

21 Ата-аналар, балаларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар!3:21 (Еф 6:4; Сал1 2:11) Немесе: Әкелер, балаларыңды кейітпеу үшін ызаландырмаңдар!

22 Басыбайлы қызметшілер,3:22 Яки: Құлдар. (Інжіл шарифтің осы қоғамдық мәселе жөніндегі ілімін Філимонға арналған хаттан және ол туралы мәліметтен қараңыз.) барлық жағдайда да бұл дүниелік қожайындарыңның тілін алыңдар! Көңілдерінен шығу үшін тек олар бақылап тұрғанда ғана емес, ұдайы шын жүректен мойынсұныңдар! Осылай Құдай Иемізді терең қастерлеңдер!

23 Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар! 24 Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден Оның уәде еткен игіліктерін қабылдайтындарыңды білесіңдер.3:24 Елш 20:32; Пет1 1:4. Қызмет ететін Қожайындарың — Мәсіхтің Өзі ғой.3:24 Қор1 7:22.25 Ал жамандық жасайтын әркім соның лайықты жазасын тартады. Мәсіх ешкімнің бет-жүзіне қарамай әділ үкім шығармақ.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

Colossenses
Ver todos os capítulos de Colossenses