Бабылға жер аударылған жасөспірімдердің Құдайға адалдығы
1 Яһуда елінде Жохақымның патшалық құрған үшінші жылы1:1 Б.з.д. 605 ж. (Бабылдықтар жаңа патшаның билік құрған бірінші жылын келесі Жаңа жыл мерекесінен бастап қана есептесе, исраилдіктер Жаңа жыл мерекесіне дейінгі кезеңді патшаның билік құрған бірінші жылы деп санайтын. Сонымен бұл екі түрлі жыл санау жүйесінің арасында бір жылдық айырмашылық болатын.) Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалим қаласына шабуыл жасап, оны қоршап алды. 2 Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен1:2 Шеж2 36:5-7. Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына1:2 Немесе: Бабыл еліне. (Шинар: Бабыл қаласының төңірегіндегі жазық. Шинар мен Бабыл ежелде-ақ Құдайға қарсы тұрған адамдардың ордасы болатын: Жар 10:10; 11:2.) әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды.
3 Бабыл патшасы сондай-ақ өзінің сарай қызметкерлерін басқаратын уәзірі Ашпеназға исраилдік патша әулетінен және ақсүйек тұқымынан шыққан бірнеше жасөспірім баланы Иерусалимнен алып келуге бұйырды. 4 Бұлар ешбір кемтарлығы жоқ, келбетті, ғылымның бар жағынан да хабардар, парасатты да зерделі әрі патша сарайында қызмет атқаруға қабілетті болуға және халдейлердің тілі мен әдебиетін1:4 Бабыл патшалығындағы күнделікті қолданылатын тіл арамей тілі болса, оқымыстылар, жұлдызшылар және абыздар сына жазуымен жазылған ежелгі Шумер және Аккад тілдеріндегі көне жазбаларға ерекше мән беретін (1:20; 2:2,4). үйренуге тиісті еді. 5 Патша оларға өз дастарқанындағы тамағы мен шарабынан күнделікті үлес тағайындады. Сол жасөспірімдер үш жыл бойы тәлім алғаннан кейін патша оларды сарайындағы қызметке кірістірмек болды.
6 Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел,1:6 Немесе: Мисайл. Азариях деген балалар бар еді.