Бабылға жер аударылған жасөспірімдердің Құдайға адалдығы
1 Яһуда елінде Жохақымның патшалық құрған үшінші жылы1:1 Б.з.д. 605 ж. (Бабылдықтар жаңа патшаның билік құрған бірінші жылын келесі Жаңа жыл мерекесінен бастап қана есептесе, исраилдіктер Жаңа жыл мерекесіне дейінгі кезеңді патшаның билік құрған бірінші жылы деп санайтын. Сонымен бұл екі түрлі жыл санау жүйесінің арасында бір жылдық айырмашылық болатын.) Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалим қаласына шабуыл жасап, оны қоршап алды.
6 Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел,1:6 Немесе: Мисайл. Азариях деген балалар бар еді.