17 Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар1:17 Яки: (бейнелі) көріністер. мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды.
18 Осылайша Набуходоносор патшаның белгілеген мерзімі аяқталып, уәзір исраилдік жас жігіттерді патшаның алдына алып барды. 19 Патша олармен сөйлескенде Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях төртеуінің барлық жағынан да басқалардан басым екенін байқады. Сол себепті бұл төртеуі патшаға қызмет етуге кірісті.