16 Осылайша басқыншы қалағандарын істеп, оған қарсы тұратын ешбір адам болмайды. Ол «көрікті елге» қосын тігіп, зорлық-зомбылық көрсетеді.11:16 Немесе: «көрікті елге» орнығып, оған шексіз үстемдік жүргізеді. («Көрікті ел» Исраилді білдірсе керек: 8:9-12.)
17 Солтүстіктің патшасы бүкіл мемлекетінің күш-қуатымен Мысырға аттануға бел буып, сол елмен одақтасу шарттарын алға қойып, жүзеге асырады. Мысыр патшалығын тәуелсіздігінен біржолата айыру үшін оның патшасына өз қызын береді.11:17 Немесе: Оның патшасына әйелдің қызын (яки: өте дарынды қызын) ұзатады. Бірақ бұл жоспары11:17 Немесе: Бірақ қызы. табыссыз болып, онысынан еш нәтиже шықпайды.