13 Мен сол түні көріп жатқан көріністерде7:13 Яки: аяндарда. кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен7:13 Осында Құдайдың қасынан келетін Құтқарушы «Мәсіх» туралы астарлап айтылған. Аспандағы бұлттар мұнда Құдайдың нұрлы салтанатын білдіреді (Мыс 16:10; 19:9; 24:16; 40:34-38; Шеж2 5:13-14). келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. 14 Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды.7:14 Немесе: Оған бас ұра тағзым етіп, қызмет көрсететін болады. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды!
Publicidade