Құдайдың және Ол тағайындаған Билеушінің сот жүргізуі
9 Мен қарап тұра бердім. Соңында тақтар орнатылып, «Мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағала»7:9 Немесе: Ежелгі заманнан бері жасап келе жатқан (Алла Тағала: 7:13,22; Жыр 89:2-3; Иш 6:1; 9:6; Езк 1:25-28). өз тағына отырды. Оның киімі мен шашы қардай аппақ, таза еді; отырған тағы лапылдап жанған оттан, ал тақтың дөңгелектері лаулаған жалыннан тұратын.7:9 Езк 1:13-19.10 Тақта Отырғанның алдынан отты өзен шығып, ағып жатты. Сан мыңдаған нөкерлер Оған қызмет етіп, он мыңдаған түмендер Оның еркін орындауға дайын тұрды. Бүкіл сот тақтарына отырып, арнайы кітаптар ашылды.7:10 Мыс 32:32; Жыр 55:9; Мал 3:16.