9 Сондықтан өз көздеріңмен көрген осы нәрселердің ешқайсысын естеріңнен шығармауларың үшін, әрі өмір бойы жүректеріңнен кетіп қалмаулары үшін абай болып сақтаныңдар! Сол үшін балаларың мен немерелеріңе оларды айтып үйрететін болыңдар! 10 Сендер Хориб тауының маңында Құдайларың Жаратқан Иенің алдында тұрған күнді4:10 5:2; Мыс 19:9,16; 20:18. естеріңе түсіріңдер. Сонда Жаратқан Ие маған мынадай тапсырма берді: «Халықты Менің алдыма жина. Олар өмір бойы4:10 Немесе: Олар елде өмір сүрген бүкіл кездерінде. Мені терең қастерлеуді үйрететін және өз балаларына да сондай тәрбие бергізетін сөздерімді естісін!»
Publicidade