Дәуіт патшаның әулеті
1 Дәуіттің3:1 2:15. Хебронда дүниеге келген ұлдары: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. Екінші ұлы Даниял3:1 Оның басқа аты: Хилеяб (Пат2 3:3). кәрмелдік Әбигелден туды. 2 Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит, 3 бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал, ал алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды. 4 Осы алты ұлы Дәуіттің Хебронда жеті жыл алты ай патшалық құрған кезінде туды.3:4 Пат2 3:2-5.
Бұдан кейін Дәуіт Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрды.3:4 Пат2 5:5.5 Сонда дүниеге келген ұлдарының есімдері мыналар: Шаммуа,3:5 (14:4; Пат2 5:14) Осы есімнің басқа түрлері: Шима, Самус. Шобаб, Натан, Сүлеймен. Бұл төртеуін Елиям қызы Барсабия3:5 (Пат2 11:3) Елиямның басқа аттары: Аммиел, Аммиил. Барсабия Вирсавия, Батшуа не Батшеба деп те аталатын. туды. 6 Сол тұста Дәуіттің Ипхар, Әлишуа, Елпәлет, 7 Ноғах, Непек, Япияқ, 8 Әлишама, Әлияда және Әлипәлет деген ұлдары да дүниеге келді: барлығы тоғыз. 9 Дәуіттің ұлдары осылар, ал соларға қоса оның кәнизактарынан туған ұлдары да болды. Тамар3:9 Пат2 13:1. Дәуіттің ұлдарына әпке-қарындас болатын.
Дәуіттің Яһуда еліне патшалық құрған ұрпақтары
10 Дәуіт ұлы Сүлейменнен өрбіген ұрпақтар: Сүлейменнен Рохабоғам, одан Абиях, одан Аса, одан Жосапат, 11 одан Жорам, одан Охозиях, одан Жоғас, 12 одан Амасиях, одан Азариях (яғни Ұзиях),3:12 Азарияхтың басқа есімі Ұзиях еді (Шеж2 26:1). одан Жотам, 13 одан Ахаз, одан Езекия, одан Манаса, 14 одан Амон, одан Жосия.
15 Жосияның ұлдары: тұңғышы Жоханан, екіншісі Жохақым, үшіншісі Седекиях, төртіншісі Шаллум.3:15 Шаллумның басқа есімі Жоғахаз еді (Шеж2 36:1-4).16 Жохақымнан кейін патша болғандар: оның ұлы Ехониях және туған інісі Седекиях.3:16 Пат4 24:17-18.
Ехониях патшаның жер аударылғаннан кейінгі ұрпақтары
17 Бабылдықтар тұтқындап алып кеткен Ехонияхтың ұрпақтары мыналар: өз ұлы Салатиел, 18 әрі Малқирам, Педаях, Шенасар, Екамиях, Хошама, Недабиях.
19 Педаяхтың ұлдары: Зоробабел,3:19 (Езр 2:2; Хақ 1:1) Осы есімнің басқа түрі: Зеруббабыл. Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам, Хананиях, олардың әпке-қарындасы: Шеломит. 20 Зоробабелдің бұлардан басқа тағы бес ұлы: Хашуба, Оһел, Барақиях,3:20 Осы есімнің басқа түрі: Берехия («Жаратқан Иенің берекесі»). Хасадиях, Жушап-Хесед болды.
21 Хананияхтан өрбіген ұрпақтар: Пелатиях пен Ишая әрі Рефаяхтың, Арнанның, Абадияхтың және Шеханияхтың ұлдары.3:21 Немесе: Ишаядан өрбіген ұрпақтар: Ишаядан Рефаях, одан Арнан, одан Абадиях, одан Шеханиях.22 Шеханияхтың ұрпақтары: Шемаях және оның ұлдары Хатуш,3:22 Езр 8:2; Нех 10:4. Иғал, Бариях, Неариях, Шапат, барлығы алтау. 23 Неарияхтың ұлдары: Елиохенай, Езекия, Азыриқам, барлығы үшеу. 24 Елиохенайдың ұлдары: Ходауиях, Елияшип, Пелаях, Ақуб, Жоханан, Делаях, Анани, барлығы жетеу.