Дәуіттің жеңістері
1 Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырды. Содан ол Ғат қаласы мен оған қарасты елді мекендерді філістірлердің қолынан тартып алды. 2 Дәуіт моабтықтарды да жеңді. Енді олар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды.
3 Бірде Дәуіт Евфрат өзенінің жағасындағы билігін бекітуге аттанғанда, Соба елінің патшасы Ададәзерге18:3 Осы есімнің басқа түрлері: Хададәзер, Адраазар. Соба (яки: Цоба): Пат1 14:47; Пат2 8:3; 10:6. Хамат: 13:5; 18:9; Пат2 8:9. Хаматқа дейін шабуыл жасап, оны жеңіп шықты. 4 Сонда Дәуіт оның мың соғыс күймесін, жеті мың аттылы және жиырма мың жаяу жасақшысын қолға түсірді. Дәуіт жаудың соғыс күймелеріне жегілетін барлық жылқыларының тілерсектерін қиып тастап,18:4 Заң 17:16; Еш 11:6. жүз соғыс күймесіне жетерлік аттарды ғана аман қалдырды.
5 Соба патшасы Ададәзерге дамаскілік арамалықтар18:5 Яки: сириялықтар (Пат1 14:47; Жар 14:15). көмекке келген кезде, Дәуіттің жасағы олардың жиырма екі мың жауынгерін қырып салды. 6 Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.18:6 17:10.
7 Дәуіт Ададәзердің нөкерлерінің алтын жалатқан қалқандарын жинап, Иерусалимге алып келді. 8 Ададәзердің қол астындағы Тебах пен Қун қалаларынан Дәуіт көп мөлшерде қола олжалап алды. Сол қоладан кейінірек Сүлеймен ғибадатханадағы «теңіз» деп аталған дәу қазанды, бағаналарды және түрлі қола бұйымдарды жасатты.18:8 Шеж2 4:2-5,18.
9 Хамат елінің патшасы Тоу18:9 Осы есімнің басқа түрлері: Той, Фой. Хамат: 18:3; Пат3 8:65. Дәуіттің Соба патшасы Ададәзердің бүкіл әскерін жеңгенін естіді. 10 Сонда ол өз ұлы Жорамды18:10 (Пат2 8:10) Осы есімнің басқа түрлері: Иорам, Хадорам. Дәуіт патшаға жіберіп, жеңісімен құттықтаған сәлемін жолдады. Себебі Ададәзер Тоу патшамен жауласып жүрген болатын. Жорам Дәуітке алтын, күміс, қоладан жасалған әр түрлі бұйымдарды ала келіп, сыйға тартты. 11 Дәуіт патша осы заттарды Жаратқан Иеге бағыштады. Ол бұрынырақ жеңген барлық елдерден: Едом, Моаб, аммондықтар, філістірлер және амалектіктерден алынған күміс пен алтынды да осылай Жаратқан Иеге арнаған еді.
12 Сарұяның ұлы Әбішай Тұзды аңғарда он сегіз мың едомдықты жеңіп шықты. 13 Дәуіт Едом еліне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.18:13 Пат2 18:13-14.
Патшаның лауазымды қызметкерлері
14 Дәуіт бүкіл Исраилге билік жүргізіп, күллі халықтың арасында заңдылық пен әділдікті жүзеге асырды. 15 Сарұяның ұлы Жоғаб18:15 11:6; 19:8. — әскер қолбасшысы, Ахилуд ұлы Жосапат — уәзір әрі жылнамашы,18:15 (Пат2 20:26; Пат3 4:3) Яки: шежіреші.16 Ахитұб ұлы Садық18:16 6:8; 15:11; Пат2 8:17. пен Абиятар ұлы Ахимәлік — діни қызметкерлер, Серая18:16 Осы кісінің басқа аттары: Суса, Шауша. — хатшы, 17 әрі Еходай ұлы Бенаях кереттік және пелеттік18:17 Пат2 8:18-ге берілген түсініктемені қараңыз. ұлан бөлімдерінің қолбасшысы болды. Дәуіттің ұлдары да патшаның қызметінде тұрды.