Pular para o conteúdo
Publicidade

Шежірелер 1-ж. 23

Леуіліктердің әулеттері және олардың атқаратын қызметтері

1 Дәуіт жасы ұлғайған шағында өзінің ұлы Сүлейменді Исраилдің үстінен патша болуға тағайындаған еді.23:1 Пат3 1:30,33-39.2 Сол кезде ол Исраилдің барлық басшыларын, діни қызметкерлері мен леуіліктерді жинап алды.

3 Жасы отыз және одан жоғары леуілік ер адамдардың санағы жүргізілді.23:3 Рул 3:14-16; 4:1-3; 8:23-24. Олардың жалпы саны отыз сегіз мың екен. 4 Дәуіт солардың жиырма төрт мыңын Жаратқан Иенің киелі үйіндегі жұмыстарды атқаруға, алты мыңын басқарушы және төреші ретінде қызмет көрсетуге, 5 төрт мыңын қақпа күзетшісі, қалған төрт мыңын өзі дайындап берген күй аспаптарының сүйемелдеуімен Жаратқан Иені мадақтау қызметіне белгілеп қойды. 6 Дәуіт леуіліктерді Герсон, Қахат және Мераридің ұрпақтары бойынша топ-топқа бөліп те қойды.23:6 6:16-30; Мыс 6:16-19; Рул 3:17-37.

Герсондық әулеттер

7 Герсондық әулеттер Лібіни23:7 Лібінидің өзге аты Лағдан болды (6:17; 23:8,9; 26:21; Мыс 6:17). мен Шимейден тараған болатын.

8 Лібінидің үш ұлы: тұңғышы Ехиел және Зетам мен Жоел. 9 Лібіниден тараған әулет басшылары осылар еді.

Шимейдің үш ұлы: Шеломот, Хазиел, Харан. 10 Шимейдің басқа да төрт ұрпағы: Яхат, Зизах, Егус, Бериях. 11 Яхат солардың біріншісі, ал Зизах екіншісі болды. Егус пен Берияхтың ұлдары көп болмағандықтан, олардың ұрпақтары нақты бір міндет атқаратын бір-ақ әулет болып есептелді.

Қахаттық әулеттер

12 Қахаттың төрт ұрпағы: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел.

13 Ымрамның Һарон мен Мұса есімді ұлдары болды. Һарон және одан тарайтын ұрпақтардың барлығы мына міндеттерді атқаруға тағайындалған болатын:23:13 6:3; Мыс 6:20; 28:1. киелі орынның бұйымдарын Құдайдың қызметіне ерекше бағыштау,23:13 Мыс 29:33-37,44; Леу 10:10,17-18. Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалып, өртеп ұсыну, киелі үйдің өзге де қызметтерін жүргізу және Жаратқан Иенің атымен халыққа бата беру.

14 Құдайдың пайғамбары Мұсаның ұлдары мен олардан тараған ұрпақтар Леуі руымен бірге саналатын. 15 Мұсаның Гершом мен Елиезер есімді ұлдары болды.

16 Гершомның ұрпақтары: оның тұңғышы — Шебуил. 17 Елиезердің ұрпақтары: оның тұңғышы Рехабияхтан басқа ұлдары болмады. Ал Рехабияхтың өз ұрпақтары көп болды.

18 Ысқардың23:18 23:12. ұлдарының тұңғышы — Шеломит.

19 Хебронның ұлдары: тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам болды.

20 Ұзиелдің ұлдары: тұңғышы — Миха мен екіншісі — Ишиях.

Мерарилік әулеттер

21 Мераридің ұлдары: Мәхли мен Мұши. Мәхлидің ұлдары: Елазар мен Қиш. 22 Елазар ұлдары болмай, қайтыс болды, оның тек қыздары болды. Өз туыстары — Қиштың ұлдары соларға үйленді.23:22 Олар осылай Елазардың әулетін жалғастырды (2:34-41; Рул 27:1-11).23 Мұшидың Мәхли, Едер, Еремот есімді үш ұлы болды.

24 Осылар — Леуі руына жататын әулеттердің басшылары. Олар санақтан өткенде аты-жөндерімен тіркелді. Жасы жиырмаға жеткен немесе одан жоғары әрбір леуіліктің Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет етуіне болды. 25 Себебі Дәуіт былай деген болатын: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Өзінің халқын тыныш та тұрақты орынға қоныстандырып,23:25 22:18; Заң 3:20; Пат2 7:11. Өзі де әрдайым Иерусалимдегі тұрағын мекендейтін болды.23:25 Шеж2 6:2,41; 7:1-3; Жыр 45:5; 131:7-8.26 Сондықтан леуіліктерге Жаратқан Иенің кездесу шатырын және қызметте қолданылатын құралдар мен бұйымдарды енді қайтып тасып алып жүрудің қажеті болмайды». 27 Сонымен Дәуіттің қалдырған соңғы нұсқаулары бойынша, леуіліктер жасы жиырмаға жетісімен қызметке алынып, тіркеліп отырды.

28 Леуіліктер Һароннан тараған діни қызметкерлерге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерінде көмектесуге міндетті еді. Олар, сондай-ақ, киелі үйдің аулалары мен қосалқы бөлмелерін күзетіп, тазалау рәсімдерін орындау және Құдайдың киелі үйінде орындалуы керек басқа да жұмыстарды істеуге тиісті болатын.23:28 9:22,26-28; 26:20,24,26-32.29 Леуіліктер мына қызметтерді де атқаратын: арнайы үстелге қойылатын нан тартуларын, астық тартуларына арналған таңдаулы ұнды дайындау, май жағылған ашымаған құймақтарды құю, табада нан пісіру, ұнға май қосып араластыру, құрбандықтар мен сый-тартулардың өлшемдері мен сандарын анықтау.23:29 9:28-29,31-32; Мыс 25:30; 29:2; Леу 2:4-7; 6:20-22; 19:35-36; Рул 7:13-14.30 Леуіліктер әр күн сайын таңертең және кеште киелі үйдің алдында тұрып, Жаратқан Иеге шүкірлік айтып, мадақтайтын ән-жыр айту қызметін де орындайтын.23:30 9:33.31 Олар сенбі күндері, әр айдың алғашқы күні және белгіленген мейрам күндері де23:31 Рул 10:10; 28:9-29:39. Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды дайындап, ұсынуға көмектесетін.23:31 Немесе: құрбандықтардың ұсынылатын кездерінде де осы қызметтерін атқаратын. Алдын ала белгіленген ережеге сай леуіліктердің тиісті саны әрдайым Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге міндетті болды. 32 Леуіліктер өздеріне рулас діни қызметкерлердің басшылығымен кездесу шатыры мен киелі үйді күзетіп қорғап, Жаратқан Иенің киелі үйіндегі міндеттерін осылайша атқарды.23:32 9:27; Рул 1:53; 3:6-9,38.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também