13 Басқа ұлттық сендер де шындық туралы сөзді: өздеріңді құтқарған Ізгі хабарды естіп, Мәсіхке сенім артқанда Онымен тығыз байланысқа түстіңдер. Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі.1:13 4:30; Қор2 1:22.14 Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің1:14 Немесе: алатын мұрамыздың (еншіміздің). бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда1:14 Яғни Мәсіх қайта оралған кезде (Рим 8:11,23; Флп 3:20-21; Сал1 4:16-17). сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз. Осылай Тәңір Иенің керемет ұлылығы мадақталмақ.
Publicidade