Pular para o conteúdo
Publicidade

Ефестікт. хат 1

Мәсіхтің ғаламат ұлы дәрежесі

15 Сол себепті мен сендердің Иеміз Исаға берік сеніп, Оның бүкіл халқын қатты сүйгендіктерің туралы естігендіктен, 16 мінажат еткен сайын сендер үшін ұдайы шүкірлік етемін. 17 Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы — салтанатты ұлылыққа ие Әке сендерге Өзін жақынырақ танып білулерің үшін Өзінің Киелі Рухы арқылы даналық пен терең түсінік берсе екен деп Одан тілеймін. 18 Ол көкірек көздеріңді оятып, рухани нұрға кенелтіп, өздеріңді қандай үмітке шақырғанын, яғни өз халқына қандай керемет игіліктер сыйлайтынын, білсеңдер екен деп сиынамын. 19 Сендер Құдайдың шексіз құдіретінің Иемізге сенуші біздерге қаншалықты күшті әсер ететінін ұқсаңдар екен деп те Одан сұраймын. Құдай осы керемет құдіретін 20 Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, көкке көтеріп, Өзінің оң жағындағы орынға отырғызғанда да қолданды. 21 Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және келешек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден1:21 Бұл биліктер мен атақ-дәрежелер осы дүниелік билеушілерді де, періштелер, «аруақтар» және жындардың басшылары сияқты табиғаттан тыс билік жүргізушілерді де қамтиды (6:12; Дан 8:16; 10:12-13,20-21; Евр 1:7; Аян 7:1-2,11; 8:2-3; 12:7-9). де әлдеқайда үстем. 22 Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. 23 Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі.1:23 4:12; Қол 1:18. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.1:23 Немесе: Мәсіх әр жердегі күллі нәрселерді толықтыратыны сияқты, қауымын да толықтырады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também