Pular para o conteúdo
Publicidade

Ошия 13

Исраилдің қатаң жазалануы

1 Өткен замандарда Ефрем тіл қатқанда адамдар қалтырап оның айбатынан сескенетін. Исраилде осы рудың мерейі үстем болатын. Бірақ кейін ол жалған тәңір Бағалға табынып кінәлі болды, мұның соңы өлімге апарып соқты. 2 Ал енді олар күнәға бұрынғыдан бетер батып, өздеріне жалған тәңір мүсінін жасатып алды. Бұл мүсіндерді қолөнершілер шеберлікпен күмістен құйды. Осы жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандық шалғандарға: «Оларды өбіп сүйіңдер!» — дейді. 3 Сондықтан олар тез сейілетін таңғы тұман не тез кебетін шық сияқты, әрі қырманнан жел айдап ұшыратын кебек не үйдің мұржасынан шығатын түтін сияқты лезде ғайып болады.

4 Бірақ Мен сендерді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Өзімнен басқа ештеңені Құдай деп танымаңдар!13:4 Яғни жақыннан танып сүймеңдер (2:20; 6:6). Немесе: мойындамаңдар. Менен өзге ешбір құтқарушы жоқ. 5 Мен сендерге иен далада, қуаңшылық жайлаған елде қамқорлық жасадым. 6 Халық жақсы жайылымға қоныстанғанда қарындары тоқ болды. Қарны тойынған кезде олар асқақтап, Мені естерінен шығарды. 7 Сондықтан Мен оларға арыстан сияқты тап беріп, қабылан сияқты жүрер жолын аңдып, шабуыл жасаймын. 8 Оларға қонжықтарынан айырылған ұрғашы аюдай бас саламын да, кеуделерін жарып тастаймын. Оларды арыстандай жалмап, жыртқыш аңдай жыртамын.

9 «Өзіңді-өзің құрттың, уа, Исраил! Сен өзіңе көмек беретін Маған қарсысың!13:9 (Жыр 9:35; 29:11; 53:6) Немесе: Сені құртамын, уа, Исраил! Сонда саған көмек беретін кім бар?10 Сенің патшаң қайда екен? Ол сені күллі қалаларыңда құтқарып алсын! «Маған патша мен әміршілер бер!» деген едің. Енді сол билеушілерің қайда жүр?13:10 8:4; Пат1 8:5; Пат4 17:4.11 Сол себепті Мен ашуланып тұрып, сендерге бір патшаны тағайындадым. Ал кейін қаһарланып, оны сендерден алып тастадым.13:11 10:7; Пат1 8:7; 10:17-24; 15:26; Пат3 14:7-10.

12 Ефрем халқының зұлым істері жинаулы тұр, олардың күнәларының бәрі де жазулы. 13 Халық анасы толғақ азабын тарта бастаса да, құрсақтан шыққысы келмейтін түйсіксіз сәбиге ұқсайды.13:13 Яғни халық Құдайдың кешіріміне ие болғысы келмей, бұрынғы (күнәлі) қалпында қалғанды жөн көреді (Нқл 9:16-18; 22:3; 29:1).

14 Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің? Мен еш аяушылық көрсетпеймін».13:14 Немесе: Өлім, қайда сенің пәлең? Көр, қайда сенің құртуың? Мен істейтіндеріме еш өкінбеймін.

15 Ефрем бауырлас руларының арасында жайқалып өсіп-өнетін. Ал енді Жаратқан Ие шөл даладан шығыстың аптап желін жібереді. Сонда Ефремнің бұлағы құрғап, су көзі тартылып қалады. Ефрем қазына қоймасындағы құнды заттарының барлығынан айырылады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também