Pular para o conteúdo
Publicidade

Ошия 12

1 Ефрем халқы желмен тамақтанатын сияқты. Олар күні бойы шығыстан соғатын желді қуып, өтірік пен зорлықты көбейтеді. Олар Ассур патшалығымен одақтасып, Мысырдан да қолдау көру үшін сол елге зәйтүн майын тасып апарады. 2 Жаратқан Ие Яһуданы да айыптамақ. Ол Жақыптың үрім-бұтағын жүрген жолдары үшін жазалап, істеген істерінің есесін қайтармақ. 3 Түп атасы Жақып ана құрсағында жатқанда-ақ егіз сыңарының өкшесінен ұстап алып, оны алдап соқты. Ер жеткенде ол Құдаймен күресті.12:3 Жар 25:26; 32:28.

4 Сол кезде Жақып Құдайдың періштесімен күресіп, үстем болды, әрі періштеден ақ бата беруін жылап өтінді. Осылайша ол Бетелде Құдаймен кездесіп, тілдесті, 5 Жаратқан Иемен, Әлемнің Әміршісі Құдаймен! Оның «Жаратқан Ие» деген аты әлемге кең танымал.12:5 Мыс 3:15.6 Өзің де Құдайға қайта оралып, берік сүйіспеншілік пен әділдікті сақта! Әрқашан өз Құдайыңа үмітіңді арт!12:6 6:6; Амо 5:15,24; Мих 6:8.

7 Ал саудагерлердің таразылары12:7 Яки: қанахандықтардың таразылары (Иш 23:8; Езк 16:29; Леу 19:35-36; Амо 8:4-6; Мих 6:11). дұрыс емес, олар алдамшылықты ұнатады. 8 Ефрем: «Мен байыдым, барлығын да өзім таптым! Істегенімнің бәрінен ешкім күнә дейтіндей бірде-бір бұрыс іс таба алмайды!» — деп мақтанып жүр.

Жаратқан Ие Исраилді қайтадан айдалаға шығармақ

9 «Бірақ Мен өзіңді Мысыр елінен шығарған Құдайың Жаратқан Иемін. Бұрын айдалада Менімен кездескен кезіңдегідей,12:9 (2:14-15; Мыс 20:2; Рул 2:2) Немесе: Күркелер мейрамының кезіндегідей (Леу 23:40-43). Мен сені қайтадан шатырларға қоныстандырамын. 10 Мен пайғамбарларға тіл қатып, көп рет аян бердім,12:10 Яки: көріністер көрсеттім. әрі олар арқылы астарлы сөздерімді айтып халқыма ескерттім».

11 Ғилақадтың халқы зұлымдық жасаса, олар құрып кетеді.12:11 Яки: жалған тәңірлерге табынып кетсе, олар түкке тұрғысыз болып кетеді. Ғылғалда да халық құрбандыққа мүйізді ірі қара мал шалып келеді. Расында олардың құрбандық үстелдері өңделіп жыртылған егістіктің шетіндегі тас үйінділері сияқты тізіліп тұр.

12 Ежелде Жақып Солтүстік Месопотамия еліне қашып барған болатын. Исраил деп те аталған Жақып сол жерде әйелі үшін қызмет етіп, мал бақты.12:12 Жар 27:43; 28:5; 29:14-30; 32:27-28.13 Кейін Жаратқан Ие Исраилдің үрім-бұтағын бір пайғамбары арқылы Мысырдан алып шығып, сол пайғамбары арқылы аман сақтап жүрді.12:13 Мыс 14:19-22; Заң 18:18; Иш 63:11-14.14 Бірақ Ефрем Жаратқан Иені қатты ашуландырды, сол себепті Ол Ефремді қылмыстары үшін жазалап, істеген барлық масқара қылықтарының қарымтасын қайтарады.12:14 Ефрем: яғни Солтүстік Исраил патшалығы (4:17).

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também