Жаңа мінез-құлық
25 Сондықтан өтірікті тастап, әрқайсың басқаларға шындықты айтыңдар!4:25 Зәк 8:16. Бәріміз біріккен бір рухани дененің мүшелеріміз ғой. 26 «Ашуланғанда күнә жасамаңдар!» деп (Забурда) жазылған. Күн батпай тұрып, ашуларыңнан бас тартыңдар,4:26 Яғни бір-біріңді кешіріңдер (Жыр 4:5).27 сөйтіп шайтанның жамандыққа түрткі салуына жол бермеңдер!
28 Ұры болған енді ұрлық жасамасын, керісінше, адал еңбек етіп, тапқан табысынан мұқтаждарға үлестірсін. 29 Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін.
30 Осылай Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар! Онымен «таңбаландыңдар»:4:30 Таңба мен мөрдің сол нәрсенің иесін білдіретініндей, сенушінің өміріндегі Киелі Рух та оның Құдайдың меншігі екендігін көрсетеді (1:13; Қор2 1:22). өмірлеріңнен орын алған Киелі Рух — бір күні жамандық атаулыдан азат етілулеріңнің кепілі. 31 Әрқилы кекшілдік, ашу-ыза, айқай-шу, қаралау, тағы басқа барлық жаман нәрселерден арылыңдар! 32 Қайта, бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!