22 Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар;5:22 Яки: күйеулеріңнің жетекшілігін мойындаңдар!23 өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің «басы». Мәсіх сенушілерді құтқарып алды, енді қауым — Оның рухани денесі. 24 Қауымның Мәсіхке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнуға тиіс.
Publicidade