Pular para o conteúdo
Publicidade

Ефестікт. хат 5

22 Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар;5:22 Яки: күйеулеріңнің жетекшілігін мойындаңдар!23 өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің «басы». Мәсіх сенушілерді құтқарып алды, енді қауым — Оның рухани денесі. 24 Қауымның Мәсіхке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнуға тиіс.

25 Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! 26 Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды.5:26 Яки: Оны сөзбен, сумен шайып тазартып, Құдайдың халқы қылды (Жох 3:5; Тит 3:5; Рим 10:8,17; Пет1 1:25; Қор1 6:11).27 Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза5:27 Яки: әжімсіз, басқа да кемшіліксіз, Құдайға бағышталған, аппақ. болсын.

28 Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді.5:28 Ерлі-зайыптылар өзара соншалықты тығыз байланысқан.29 Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды. 30 Біздер Оның5:30 Немесе: Біздер Оның «тәні мен сүйегінен» жасалған (Жар 2:23). рухани денесінің мүшелеріміз. 31 «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады», — деп (Тауратта) жазылған.5:31 Жар 2:24.32 Осында терең сыр бар, мен мұны Мәсіхке және қауымға байланысты айтамын. 33 Бірақ ол сендерге де қатысты: әрқайсың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também