Pular para o conteúdo
Publicidade

Ефестікт. хат 6

Әзәзіл шайтанның «әскеріне» қарсы рухани күрес

10 Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер! 11 Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! 12 Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі6:12 Яки: аспан астындағы. (Бізді қоршаған дүниеде көзге көрінбейтін рухтар бар: Құдайдың періштелері және шайтанға бағынышты зұлым рухтар — жындар: 1:21). зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. 13 Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.

14 Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп»,6:14 Яки: әділ өмір сүріп, «кеуделеріңе сауыт киіп» (Сал1 5:8). табанды тұрыңдар! 15 «Аяқкиімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар! 16 Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; 17 құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!6:17 Иш 59:17; Сал1 5:8.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também