21 Содан Мұса Исраилдің күллі рубасыларын шақырып алып, оларға былай деді:
— Араларыңдағы әр отбасы үшін бір-бір тоқтыдан таңдап алып, Құтқарылу мейрамына арнап сойыңдар! 22 Бір байлам сайсағыз12:22 Яки: үсоп не иссоп (шағын бұта). бұтақшасын құрбандықтың қаны жиналған ыдысқа малып алып, қанын есік жақтаулары мен маңдайшасына жағыңдар. Мұнан кейін таң атқанша ешқайсың да сыртқа шықпаңдар! 23 Сол кезде Жаратқан Ие Мысырды қырғынға ұшырату үшін бүкіл елді аралап жүрмек. Сонда Ол жақтаулары мен маңдайшаларына жағылған қанды көріп, сендердің есіктеріңнің қасынан өтіп кетеді де, құртушының үйлеріңе кіріп, өлтіруіне жол бермейді.