11 Иеміз Мұсаға тіл қатып: 12 «Мен исраилдіктердің наразы күңкілін естідім. Оларға былай де: кешке ет жеп, ертеңіне азанда нанға тоятын боласыңдар. Сонда Менің өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді ұғынып білесіңдер», — деді.
13 Сол кеште-ақ бөденелер ұшып келіп, халықтың қоныстанған жеріне қаптап қонды. Ал ертеңгісін азанда айналаны шық басып жатты. 14 Шық кепкен кезде оның орнында айдалада қырау тәрізді ақ, нәзік қабыршақтар қалды. 15 Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: «Ман һу?» яғни «Бұл не?»16:15 Түпнұсқадағы «Ман һу?» (Бұл не?) деген сұрақтан осы «манна» деген керемет тамақтың аты пайда болды (16:31). — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: «Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны.