Pular para o conteúdo
Publicidade

Мысырдан шығу 25

Шатырдың жиһаздарын жасауға тапсырма: Келісім сандығы

10 Аққараған ағашынан сандық жасат. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болсын. 11 Іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелсін. 12 Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйғызып, төменгі төрт бұрышына, екеуін бір жақ бүйіріне, қалған екеуін қарама-қарсы бүйіріне бекіттір. 13 Мұнан кейін аққарағаннан сырықтар жасатып, алтынмен қаптат. 14 Сандықты көтеріп алып жүру үшін сырықтар оның екі бүйіріндегі шығыршықтардан өткізілсін. 15 Сырықтар әрдайым шығыршықтарға кигізулі тұрсын, оларды алып тастауға болмайды.

16 Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды25:16 Яки: Мен өзіңе беретін Келісім ережелері жазылған екі тас тақташаны (40:20). осы сандықтың ішіне салып қой.

17 Сандықтың қақпағын25:17 Яки: Сандықтың күнәнің құны өтеліп, Құдай рақым көрсететін қақпағын. (Халықтың жасаған күнәлары кешіріліп, олардың арамдығынан тазаруы үшін бас діни қызметкер жылына бір рет арнайы шалынған құрбандықтардың қанын осы қақпаққа бүркетін: Леу 16:14-17.) да саф алтыннан жасат. Ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ болсын. 18,19 Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің25:18-19 Яки: Керуб деген нөкерлердің. (Келісім сандығы Құдайдың жер бетіндегі тағын бейнелейтін: 25:8; Пат1 4:4; Жар 3:24.) екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. 20 Керуб мүсіндері қанаттарын жоғары жайып, қақпақты көлегейлеп, беттері бір-біріне қарама-қарсы, қақпаққа қарап тұрулары керек. 21 Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды25:21 25:16. сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também