11 Бірақ Мұса Құдай Иесіне жалбарынып былай деді:
— Уа, Жаратқан Ие! Өзің Мысырдан ұлы күшпен, құдіретті қолыңмен бастап алып шыққан халқыңа қарсы неге қаһарың лаулайды? 12 Егер солай істесең, онда мысырлықтар: «Тәңір Ие оларды елімізден арам ниетпен, тауда қырып-жойып, жер бетінен жоқ қылу үшін алып шығыпты» деп жүрер. Қаһарыңды басып, халқыңа апат жіберемін деген райыңнан қайта гөр! 13 Қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Исраилді32:13 Яғни Жақыпты (Жар 32:28; 46:8). есіңе түсіре гөр. Оларға: «Сендердің ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейтіп, Өзім беруге уәде еткен осы жерді сыйлаймын, олар соны мәңгі иемденетін болады» деп өз атыңмен ант берген едің ғой.32:13 Жар 12:7; 15:5,7; 17:8; 26:3-4; 28:13-14; 35:11-12.
14 Сонда Жаратқан Ие халқына апат жіберемін деген ниетінен бас тартты.