Pular para o conteúdo
Publicidade

Філіпілікт. хат 2

12 Сонымен, сүйікті бауырларым, сендермен бірге болғанымда әрдайым Құдайға мойынсұндыңдар, ал қазір мен қастарыңда жоқ кезде де солай істей берулерің әлдеқайда маңыздырақ болмақ: құтқарылуларыңа сай іс-әрекет жасап, соны толығымен жүзеге асыруға ұмтылыңдар, әрі Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамайтын нәрселерден қатты жиіркеніңдер!2:12 Яки: дірілдеп шошыныңдар (Қор1 2:3; Қор2 7:15; Еф 6:5).13 Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.2:13 Яки: Құдай жан дүниелеріңе әсер етіп, Оған ұнайтын істерді қалап, істеулеріңе көмектесуде.

14 Бәрін де наразылықсыз, шүбәланбай2:14 Немесе: наразылықсыз, өзара айтыспай. істеңдер! 15 Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында2:15 Заң 32:5. еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап, 16 адамдарға шынайы өмірді жеткізетін Құдай сөзін ұсыныңдар.2:16 Немесе: шынайы өмір сыйлайтын Ізгі хабарды ұстаныңдар. Сонда мен араларыңда жан сала істеп жүрген еңбегімнің босқа кетпегеніне Мәсіхтің қайта оралған күні риза болып, қатты қуанатын боламын.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

Filipenses
Ver todos os capítulos de Filipenses