9 Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді,
Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті,
Оған бар есімнен жоғары Атақты2:9 Немесе: Есімді. сыйлап берді:
10 Енді естігенде Исаның Атағын
Көктегі, жердегі, жер астындағылардың2:10 Осы ұғым ауыспалы мағынада қолданылып, бірінші жағынан өлгендердің жандарын, екінші жағынан жын-пері атаулыны білдірсе керек.
Бәрі де тізе бүкпек Оның алдында
11 Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы да
Жаратқан Ие деп ашық мойындауға
Тиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға.