4 Ал Құдай белгілеген уақыты жеткенде, Өзінің рухани Ұлын жіберді. Ол бір әйел арқылы дүниеге келіп,4:4 Лұқ 1:30-35; Жар 3:15. Таурат заңы үстемдік етіп тұрған халықтың арасында 5 сол заңға бағынғандарды босатып,4:5 Яки: төлемін өтеп азат етіп (Иш 41:14). Өзінің рухани балалары ету үшін келді. 6 Енді біз рухани балалары болғандықтан, Құдай Өзінің рухани Ұлының Рухын жүрегімізге дарытты. Сол Рух бізді: «Абба, Әке!»4:6 Абба: көне арамейше, мағынасы «Әкетай» (Мар 14:36; Рим 8:15). — деп Құдайға сиындырады.
7 Сонымен енді құл емес, рухани ұлсың; ал рухани баласы болған соң, Құдай саған Өзінің уәде еткендерін сыйлайтын болады.