1 Бауырластар, араларыңдағы біреу күнә жасап қойса, сендер оны Киелі Рухтың жетелеуімен ілтипаттылық танытып түзу жолға қайтаруға ұмтылыңдар. Ал өздерің де азғырылудан сақ болыңдар! 2 Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер! Сөйтіп Мәсіхтің өсиетін6:2 Немесе: Мәсіхтің заңын (Жох 13:34; 15:12). орындайсыңдар. 3 Кімде-кім шын мәнінде өзгелерден артық болмай тұрып,6:3 Немесе: Кімде-кім өзі шынымен түкке тұрмаса да. ерекшемін деп көкірегін көтеріп, көмектесуден бас тартса, сол өзін-өзі алдайды. 4 Әркім өз іс-әрекетін тексерсін, сонда өзін басқалармен салыстырмай, жетістіктерін мақтан ете алады. 5 Өйткені әр адам өз міндетін атқаруға тиіс.6:5 Немесе: әркім өзі үшін Құдайға жауап беретін болады.
Publicidade