Ыбырамның Ажардан туған улы Ысмағұл
1 Ыбырамның әйелі Сарай бала көтермеген еді. Ал оның Ажар атты мысырлық күңі бар болатын. 2 Сонда Сарай күйеуіне:
— Жаратқан Ие маған ана болуды сыйламаған екен. Ал енді бар, күңіммен жақындас. Мүмкін, соның арқасында балалы болармын, — деп ұсынды.
Ыбырам бұған көніп, 3 Сарай оған мысырлық күңі Ажарды қосты. Бұл Ыбырамның Қанахан жерінде тұрғанына он жыл болған кезде еді.