17 Құдай баланың жылап жатқан даусына құлақ асты. Оның періштесі аспаннан Ажарға дауыстап: «Саған не болды, Ажар? Қорықпа, Құдай мына жерде жатқан баланың даусына құлақ асты. 18 Орныңнан тұр, балаңа қол ұшын беріп қамқорла. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын»,21:18 12:2; 17:20. — деп тіл қатты.
19 Содан Құдай Ажардың көзін ашып, оған сол маңдағы құдықты көрсетті. Ажар сонда барып, месті суға толтырып алып, баланың шөлін қандырды.