Pular para o conteúdo
Publicidade

Езра 2

Алғашқы оралмандардың тізімі

1 Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан2:1 Пат4 24:14-16; 25:11; Дан 1:1-4. Яһуда аймағына қайтып келгендері мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды. 2 Олардың жетекшілері: Зоробабел,2:2 Осы есімнің Зеруббабыл деген түрі де бар. Яһуданың бұрынғы патшасы Ехонияхтың (Пат4 24:8,15; 25:27-30) ұрпағы Зоробабел кейін Яһуда аймағының әкімі болып тағайындалды (3:2,8; 5:2; Нех 7:7; 12:1; Хақ 1:1,12,14). Ешуа,2:2 3:2; 5:2; 10:18; Нех 12:1; Хақ 1:1; Зәк 3:1. Нехемия,2:2 Бұл — кейінірек Яһуда аймағының әкімі болған Нехемиядан (Нех 1:1; 2:4-6) басқа адам. Сераях, Регелай, Мардохай, Билшан, Міспар, Бигуай, Рехум, Бағанах.

Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны:

3 Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.

4 Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.

5 Арахтың ұрпақтары: жеті жүз жетпіс бес адам.

6 Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб атты екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он екі адам.

7 Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.

8 Заттудың ұрпақтары: тоғыз жүз қырық бес адам.

9 Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.

10 Банидың ұрпақтары: алты жүз қырық екі адам.

11 Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма үш адам.

12 Азғадтың ұрпақтары: бір мың екі жүз жиырма екі адам.

13 Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс алты адам.

14 Бигуайдың2:14 2:2; 8:14; Нех 7:7,19; 10:16. ұрпақтары: екі мың елу алты адам.

15 Адиннің ұрпақтары: төрт жүз елу төрт адам.

16 Езекияның2:16 Пат4 16:20; Нех 7:21; 10:17. тұқымынан шыққан Атердің ұрпақтары: тоқсан сегіз адам.

17 Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма үш адам.

18 Жорахтың ұрпақтары: жүз он екі адам.

19 Хашумның ұрпақтары: екі жүз жиырма үш адам.

20 Гибардың2:20 Яки: Гибеонның (Нех 7:25). ұрпақтары: тоқсан бес адам.

21 Бетлехемнің адамдары: жүз жиырма үш.

22 Нетопаттың адамдары: елу алты.

23 Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.

24 Азмауеттің адамдары:2:24 Яки: Бет-Азмауеттің адамдары (Нех 7:28). қырық екі.

25 Кирият-Иғарымның, Кефираның және Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.

26 Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.

27 Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.

28 Бетел мен Айдың2:28 (Жар 12:8; Еш 8:2) Осы қаланың аты Гай деп те жазылады. адамдары: екі жүз жиырма үш.

29 Небоның адамдары: елу екі.

30 Мағбиштың адамдары: жүз елу алты.

31 Басқа Еламның2:31 2:7; Нех 7:34. адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.

32 Харымның адамдары: үш жүз жиырма.

33 Лод, Хадид, Ононың2:33 Шеж1 8:12; Нех 6:2; 7:37; 11:35. адамдары: жеті жүз жиырма бес.

34 Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.

35 Сенаяхтың адамдары: үш мың алты жүз отыз.

36 Діни қызметкерлер:

Едаяхтың2:36 Шеж1 24:7. Ешуадан өрбіген ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам.

37 Имердің2:37 Шеж1 24:14; 9:12. ұрпақтары: бір мың елу екі.

38 Пашхурдың2:38 Шеж1 9:12. ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам.

39 Харымның2:39 Шеж1 24:8. ұрпақтары: бір мың он жеті адам.

40 Леуіліктер:

Ешуаның және Қадмиелдің Ходауияхтан2:40 Осы есімнің Ходеуа, Годева деген түрлері де бар (Шеж1 3:24; 5:24; 9:7; Нех 7:43). өрбіген ұрпақтары: жетпіс төрт адам.

41 Әншілер:

Асафтың ұрпақтары: жүз жиырма сегіз адам.

42 Қақпа күзетшілері:

Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита және Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз тоғыз.

43 Ғибадатхана қызметшілері:

Сиха, Хасуфа, Таббаот, 44 Керос, Сиях, Падон, 45 Лебанах, Хагабах, Ақуб, 46 Хагаб, Шамлай, Ханан, 47 Гиддел, Ғахар, Реях, 48 Ресин, Некода, Ғазам, 49 Ұзза, Пасеах, Бесай, 50 Асна, Меуним, Нефисим, 51 Бақбұқ, Хақуфа, Хархур, 52 Баслут, Мехида, Харша, 53 Барқос, Сисара, Тамах, 54 Несиях және Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.

55 Сүлейменнің қызметшілері:

Сотай, Хасоферет, Перуда, 56 Ялах, Дарқон, Гиддел, 57 Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим және Ами есімді аталардың ұрпақтары.

58 Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.

59 Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген, бірақ өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмағандар мыналар: 60 Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз елу екі адам.

61 Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос және Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың2:61 Пат2 17:27-29; 19:31-32; Нех 7:63. бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын.

62 Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді. 63 Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік2:63 (Мыс 28:30) Яки: Адал және Ақиқат. атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды».2:63 5:14; Нех 7:65; Леу 2:3,10; 6:14-18; Рул 18:8-10; Езк 46:20.

64 Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.2:64 Осы есепке жоғарыда тіркелгендердің әйелдері мен бала-шағалары және Исраил халқының Яһуда, Буняминнен басқа руларына жататындар да кірген болса керек.65 Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз еркек, әйел әншілері2:65 Шеж2 35:25. болды.

66 Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,2:66 Пат3 1:33; Иш 66:20.67 төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.

Басшылар мен халықтың берген сый-тартулары

68 Кейбір әулет басшылары Құдай Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне келгенде, оның қайтадан өзінің бұрынғы орнында салынуы үшін ерікті тартулар жасады. 69 Олар өз шама-шарқынша осы ұлы істің қорына арнап алпыс бір мың алтын теңге, бес мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған жүз көйлек2:69 61000 алтын теңге (яки персиялық дарик не грек драхмасы): шамамен 510 кг алтын (8:27; Шеж1 29:7). 5000 қадақ (яки мина) күміс: шамамен 2900 кг күміс. Көйлек: Мыс 39:22,27. берді.

70 Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, жалпы халықтың біразы, сондай-ақ әншілер, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері де өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы да (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.2:70 Нех 7:73; 11:1-3,25-36; 12:27-29.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também