Қабыл мен Әбіл
1 Адам әйелі Хауамен жақындасқан соң, әйелі жүкті болып, Қабылды4:1 Яки: Қаинды. туды. Сонда Хауа: «Жаратқан Иенің жарылқауымен бір ұл балаға ие болдым»,4:1 Яки: бір ер адамға ие болдым. (Түпнұсқадағы Қаин, яғни Қабыл, есімі «ие болу, иемдену» сөзіне ұқсас дыбысталады.) — деді.
Сет пен Енос
25 Адам ата әйелімен тағы да жақындасқан соң, Хауа ұл туып, оның атын Сет (яғни «Сыйланған») деп қойды. Себебі ол: «Қабыл Әбілді өлтірген соң, Құдай маған оның орнына басқа бір ұрпақ сыйлады», — деді.