9 Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың!
Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың:
Ол еркек арыстан құсап қомданады,
Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады;
Оны мазалауға кімнің батылы барады?
10 Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,
Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,
Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,49:10 Немесе: Күндердің күнінде оның шын Иесі (яки: Оған алым-салық беру қажет Біреу) келеді. Түпнұсқада: Шило (Иш 9:6-7; 11:1-10; Езк 21:27; Мат 2:4-6; Жох 5:46; Аян 5:5).
Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да!