Pular para o conteúdo
Publicidade

Еврейлерге хат 1

Құдайдың Өзін адамзатқа анық түрде көрсетуі

1 Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. 2 Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын1:2 Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Жар 1:26; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз). жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі1:2 Яки: мұрагері (Рим 8:17; Мат 11:27; 28:18). етіп тағайындады. 3 Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты.1:3 Яки: Оның болмысы Құдайдың болмысына толығымен пара-пар. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр.1:3 Немесе: құдіретті әмірімен аман сақтап тұр (Қол 1:17). Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.

Мәсіх періштелерден әлдеқайда жоғары

4 Сонымен, рухани Ұлдың иемденген Атағы1:4 Яки: Есімі (1:5; Флп 2:9-11). періштелердікінен қаншама жоғары болса, Оның жолы да олардікінен соншама үлкен. 5 Себебі Құдай періштелердің ешқайсысына да былай деп айтқан емес: «Рухани Ұлымсың, Мен бүгінгі күн Әке болдым Саған».1:5 (Жыр 2:7; Елш 13:33; Рим 1:4; Мар 9:7) Демек, бүгін Әкең екенімді жарияладым. Және: «Мен Оған Әке боламын, ал Ол Менің рухани Ұлым болады».1:5 Пат2 7:14; Шеж1 17:13.

6 Құдай осы дүниеге жолы бәрінен де үлкен рухани Ұлын1:6 Яки: Тұңғышын (Қол 1:15). жібергенде, Ол туралы мынадай сөздер айтты: «Жаратқан Иенің бар періштелері де Оған тағзым етсін!»1:6 Заң 32:43. — 7 Періштелер жайлы (Забурда) мына тәрізді сөздер айтылған: Ол желдей етеді періштелерін, от жалынындай да өз нөкерлерін1:7 Жыр 103:4.. 8 Ал Ұл туралы былай делінген:

«Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік,

Патшалығыңа жүргізесің әділ билік.1:8 Немесе: Патшалық асатаяғың — әділдік.

9 Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,

Сондықтан да Құдай, өз Құдайың Сенің,

Өзіңді тағайындап, сыйлады Саған

Серіктеріңнен гөрі шаттықты молынан».1:9 Немесе: Сондықтан Сені, Құдай, өз Құдайың, тағайындап, жолдастарыңнан гөрі Саған қуаныш майын көбірек жақты (Жыр 4:7-8; Түсіндірмедегі «Май жағу рәсімін» де қараңыз).

10 Ол туралы тағы мынадай сөздер де айтылған:

Ием, жердің негізін салғансың әуел баста,

Құдіретіңмен1:10 Яки: Өзіңнің (құдіретті) қолдарыңмен. жараттың аспанды да.

11 Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,

Киімдей тозады олардың барлығы да,

12 Сен соларды көйлектей ауыстырасың,

Шапандай бүктеп алып та қоясың.

Ал Өзің өзгермей қалатын боласың,

Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.1:12 Жыр 101:26-28.

13 Ал енді, Құдай қай кезде қай періштеге: «Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда!»1:13 Жыр 109:1; Мат 22:44. — деп айтқан еді? 14 Періште атаулы — қызмет көрсететін рухтар ғана, солай емес пе? Жаратқан Ие оларды мәңгілік құтқарылуға ие болатын адамдарға қызмет етуге жібереді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também