Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 45

Құдай — берік қорғанымыз

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған. Сопрано дауыспен айтылатын45:1 Немесе: Бойжеткендер даңғырада ойнайтын ырғақпен айтатын (Шеж1 15:20). Қорах ұрпақтарының жыры.)

2 Құдай — біздің панамыз да күшіміз,

Қиын кезде сенімді көмекшіміз.

3 Сол себептен біз уайымдап қорықпаймыз,

Тіпті дүниенің астан-кестені шықса да,

Таулар теңіздің тұңғиығына құласа да,

4 Теңіз долдана ақ көбік атқыласа да,

Оның толқынынан тау сілкініп жатса да.

(Әлемнің Иесі біздің жанымызда,

Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!)

5 Құдайдың таңдап алған қаласына,

Алла Тағаланың киелі тұрағына

Оның рақымы бұлақтың суындай

Әрқашан да нәр беріп қуантуда.45:5 35:9.

6 Құдай осы қаланың ортасында,

Ешқашан қозғалмайды да сол қала,

Құдай көмегін береді таң ата.

7 Халықтар абыржи толқып,

Патшалардың тақтары шайқалады,

Алла Тағаланың үні естіліп,

Бүкіл жер беті балқып жоқ болады.

8 Әлемнің Иесі біздің жанымызда,

Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!

9 Келіп көріңдер Иенің істерін,

Ол ойрандатты жаулардың жерлерін,

10 Дүниедегі соғыстарды тоқтатып,

Садақ, найза атаулыны сындырып,

Күймелерді қиратты отқа жағып.

11 «Тынышталыңдар барлығың енді,

Біліңдер Менің Құдай екенімді!

Басқа халықтар Мені құрметтейді,

Дүние жүзінде Мені қастерлейді».

12 Әлемнің Иесі біздің жанымызда,

Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.