Құдайдың Өзін адамзатқа анық түрде көрсетуі
1 Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. 2 Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын1:2 Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Жар 1:26; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз). жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі1:2 Яки: мұрагері (Рим 8:17; Мат 11:27; 28:18). етіп тағайындады.